Әлеуметтік желілерде ерекше құбылыс туралы видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, қанық реңк жоғарғы ағыста байқалды, ал өзен бойымен төмен қарай, көпір маңында су қалыпты күйде көрінді.
ШҚО экология департаментінде Қарагужиха өзенінен сынама алынғаны хабарланды. Қазір сынамалар зертханалық талдаудан өтіп жатыр. Нәтижелер мен қосымша ақпарат кейінірек жарияланады деп уәде берді.