Өртті сөндіру кезінде автокөлік салонынан үш қаза тапқан адамның денесі табылды. Олардың екеуі кәмелетке толмағандар болып шықты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына оннан астам техника және елуге жуық қызметкер шықты. Өрт сөндірушілермен бірге жедел-құтқару отрядының құтқарушылары және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді.
Өрттің шығу себептері анықталуда.