Тараптар саяси диалогты нығайтуды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылауды жоспарлап отыр.
2025 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездескен болатын. Сол кезде Қазақстан басшысы Черногорияны Балқан аймағындағы маңызды серіктес ретінде атады.
2026 жылы елдер дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығын атап өтеді. Өткен жылдар ішінде олардың арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген конструктивті байланыстар қалыптасты.