Жаңалықтар

Циклон Қазақстанда тұрақсыз ауа райын сақтайды

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы белсенді циклонның әсерінде қалады.

1 шілде 2026 · 10:46·Оқу: 1 мин

Циклон Қазақстанда тұрақсыз ауа райын сақтайды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 шілде 2026

Найзағайлы жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын және бұршақ болады. Ел бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

2 және 3 шілдеде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндіз батыс пен оңтүстік-батыста ауа 31-38 градусқа дейін қызады, солтүстік-батыста — 27-35 градусқа дейін. Солтүстік пен орталықта температура 18-28 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 30-37 градус ыстық сақталады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-35 градус болады.

Пікірлер