Жаңалықтар

Жетісуда жолдардың сапасын тексеріп, жүзден астам бұзушылық анықталды

Жыл басынан бастап филиал мамандары Жетісудағы жергілікті жолдарды салу және жөндеу объектілерінде 83 рейдтік тексеру жүргізді.

2 шілде 2026 · 22:15·Оқу: 1 мин

Жетісуда жолдардың сапасын тексеріп, жүзден астам бұзушылық анықталды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Сарапшылар құрылыс материалдары мен асфальтобетон жабынынан 287 сынама алды. Зертханалық зерттеулер 103 сынама нормативтерге сәйкес келмейтінін көрсетті.

Көбінесе асфальтобетон жабынының қалыңдығы жеткіліксіз, тегістігі бұзылған, битум эмульсиясының әлсіз жағылуы және асфальттың шөгуі тіркелді. Мұндай ақаулар жолдың қызмет ету мерзімін қысқартады.

Мердігерлер ескертулерді түзеуге кірісті. Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектілер қайта тексеріледі.

Пікірлер