Полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге облыстың ауылдарын төрт күн бойы тексерді. Олар тұрғындарды аралап, профилактикалық есепте тұрған адамдарды және сауда нүктелерін бақылады.
Осы уақыт ішінде 1676 адам тексерілді. Олардың ішінде 268 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 477 спиртті ішімдікті асыра пайдаланушылар және 173 тәуекел тобындағы отбасылар болды.
Сонымен қатар алкогольдің заңсыз сатылуының 13 фактісі анықталды. Барлығы 167 әкімшілік құқық бұзушылықтың алды алынды, оның 145-і қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішу немесе мас күйінде көріну болып табылады.
Рейдтердің басты мақсаты — жазалау емес, алкоголь негізінде жиі болатын тұрмыстық қақтығыстар мен қылмыстардың алдын алу. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдардың ең көбі Қордай ауданында және Т. Рысқұлов атындағы ауданда. Полиция бұл жұмысты өңірдің басқа аудандарында жалғастыруды жоспарлап отыр.