Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Елдос Қыдырсиховтың мәліметінше, 1953 адам алкогольге тәуелділік бойынша бақылауда тұр.
Жылдың алғашқы бес айында психоактивті заттардың салдарынан денсаулығына зиян келген 138 адам бақылауға алынды. Олардың 31-і есірткі бойынша есепке қойылды.
Көмек қалай көрсетіледі
Өңірде медициналық-әлеуметтік көмек жеті аудандық психикалық денсаулық кабинеті және Атырау қаласының емханаларындағы алты бастапқы орталық арқылы көрсетіледі.
Облыстық психикалық денсаулық орталығында наркологиялық науқастарға арналған 56 төсек-орын жұмыс істейді. Сонымен қатар, сегіз адам опиоидты агонистермен қолдау терапиясы бағдарламасына қатысуда.
Әлеуметтік бейімделу
Биыл орталық екі науқасқа жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті. Тағы екеуі реәлеуметтендіру орталығына жіберілді.