Sportico деректері бойынша, бұл соманың 11,3 миллионы жүлделік қаражатқа, тағы бес миллионы спонсорлық келісімшарттарға тиесілі.
Тізімде бірінші орынды 62,9 миллион доллармен испандық Карлос Алькарас иеленді. Екінші болып итальяндық Янник Синнер (59 миллион), үшінші — америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион) тұр.
Ондыққа Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев те енді.
Толық рейтинг
1. Карлос Алькарас (Испания) — 62,9 млн доллар
2. Янник Синнер (Италия) — 59 млн
3. Коко Гауфф (АҚШ) — 40,3 млн
4. Серена Уильямс (АҚШ) — 40 млн
5. Арина Соболенко (Беларусь) — 35,9 млн
6. Новак Джокович (Сербия) — 25,6 млн
7. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 24,6 млн
8. Ига Швёнтек (Польша) — 22,8 млн
9. Александр Зверев (Германия) — 16,7 млн
10. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 16,3 млн
2022 жылғы Уимблдон жеңімпазы қаңтарда Австралия ашық чемпионатын жеңіп алып, «Үлкен шлем» турнирінің екінші титулына ие болды. Бұл оған ракетка мен экипировка өндірушісінен бонустық төлемдер әкелді.
Әлемнің екінші ракеткасы Эр-Риядтағы 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Бес матчтағы бес жеңісі үшін ол 5,23 миллион доллар тапты.