Абылайхан Жусупов 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде судьялардың бірауыздан шешімімен Өзбекстаннан Шавкатжон Болтаевты жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Жартылай финалға Санжар Ташкенбай (50 кг-ға дейін) да шықты. Ол Қырғызстаннан Анваржан Ходжиевті сенімді түрде жеңді.
Әйелдер жарысында Виктория Графеева (60 кг-ға дейін) Оңтүстік Кореядан О Ён Джиден басым түсті.
Лаура Есенкельды (70 кг-ға дейін) және Тимур Нурсеитов (75 кг-ға дейін) ширек финал сатысында өнер көрсетуді аяқтады.
Кешке рингке Алуа Балкибекова (51 кг-ға дейін), Аида Абикеева (65 кг-ға дейін) және Айбек Оралбай (90 кг-дан жоғары) шығады.
Бұған дейін Назым Қызайбай осы Қытайдағы турнирде Қазақстанға медальді қамтамасыз еткен болатын.