Спорт

Қазақстанның алты боксшысы Азия чемпионатының U19 турнирінде ширек финалға шықты

Азия чемпионатының U19 жасөспірімдер санатында Қазақстаннан алты боксшы бірден ширек финалға өтті.

7 шілде 2026 · 21:49·Оқу: 1 мин

Қазақстанның алты боксшысы Азия чемпионатының U19 турнирінде ширек финалға шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·7 шілде 2026

Адиль Асканбай (50 кг дейін), Едиге Нургожа (55 кг дейін) және Хамза Максатулы (75 кг дейін) 1/8 финалдағы жекпе-жектерде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Досжан Жумакан (60 кг дейін), Акжурек Калабай (65 кг дейін) және Бейбарыс Аширбай (70 кг дейін) судьялардың бірауыздан шешімімен жеңді.

Ширек финалдар қашан басталады

Ширек финалдық жекпе-жектер 9 шілдеде басталады.

Бұған дейін екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының U23 турнирінде ширек финалға шығып үлгерді.

Пікірлер