Алтай тауларының ортасында орналасқан Бұқтырма теңізінің сұлулығы көптеген туристерді тартады. Ал демалыс аймақтарының көпшілігі
қарағай орманымен қоршалған, бұл демалысыңызды денсаулыққа пайдалы ете алады. Өйткені бұл өлке саңырауқұлақ пен орман жидектеріне таңғажайып бай. Ал дәрілік шөптерді көп жинап, кептіріп алуға болады, сосын қыс бойы шай ішіп, Бұқтырмадағы тамаша демалысты еске алуға болады.
Орманда маусымға байланысты сіз барлық жерде дерлік таралған мынадай саңырауқұлақтарды жинай аласыз: ақ сарысора, қара сарысора, валуй, сырнегіз. Қайыңды және аралас ормандарда кәдімгі қайыңсаңырауқұлақ, қызғылт волнушка, күзгі бал саңырауқұлағы, трутовиктер, шыбынжұт өседі. Бұл жерлерде ақ саңырауқұлақ, қызыл көкенсаңырауқұлақ, қарағай рыжигі жиі кездеседі.
Ал бұл өлкедегі орманда серуендеу — таңғажайып, орманда сағаттап жүруге болады әрі шаршамайсыз. Егер мақсатыңыз — денсаулықты нығайту, бронхтарды «шынықтыру», жөтелден арылу болса, қарағай орманының шетіне барыңыз. Мұны жылдың жылы мезгілінде жасаған дұрыс, өйткені сол кезде қарағай ауасы барынша пайдалы. Қарағай орманындағы ауа іс жүзінде стерильді. Қылқан жапырақты орманның бір текше метрінде 300-ден аспайтын бактерия болатыны есептелген. Оған қоса, қарағайдың эфир майлары оттегімен тотығып, емдік қасиеті бар озон бөліп шығарады. Сондықтан орманда серуендеу — рахат қана емес, өз денсаулығың туралы қамқорлық та. Өйткені қарағай өзінің табиғи мекенінде барынша пайдалы.